Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 2 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 29.12.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2023 жылғы 19 қарашадағы № 9 хаттамасы негізінде, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары У.Т.Оспанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Муканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады