"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №339 "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының төрағасы | Қ. Саққулаков |
Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы "17" қарашадағы № 13/129 шешіміне 1-қосымша |
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің осы тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округінің Трудовое ауылы, Степное ауылы (бұдан әрі – Трудовой ауылдық округі) көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, ауылдық округ тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Трудовой ауылдық округінің аумағы ауылдарға, көшелерге бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр көшеден үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі - Трудовой ауылдық округінің әкімі) ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Трудовой ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Трудовой ауылдық округі ауылының, көшесінің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиыны ауылда, көшеде тұратын Трудовой ауылдық округі тұрғындарының (жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледi.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Трудовой ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Трудовой ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Трудовой ауылдық округінің ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Трудовой ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы №13/129 шешіміне 2-қосымша |
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округінің Трудовое ауылы, Степное ауылы көшелері тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Трудовой ауылдық округінің Трудовое ауылы, Степное ауылы көшелерінің атауы | Көше өкілдерінің саны |
Трудовое ауылы | ||
1 | Прииртышская көшесі | 1 |
2 | Ленина көшесі | 1 |
3 | Школьная көшесі | 1 |
4 | Почтовая көшесі | 1 |
5 | Приишимская көшесі | 1 |
6 | Луговой жолақ | 1 |
7 | Новая көшесі | 1 |
8 | Мира көшесі | 1 |
9 | Надречная көшесі | 1 |
10 | Рабочая көшесі | 1 |
11 | Горный жолақ | 1 |
12 | Бакинская көшесі | 1 |
13 | Юбилейная көшесі | 1 |
14 | 60 лет Казахстана көшесі | 2 |
15 | Новостройка көшесі | 2 |
16 | Молодежная көшесі | 1 |
17 | Степная көшесі | 1 |
Степное ауылы | ||
18 | Степная көшесі | 1 |
19 | Центральная көшесі | 1 |
20 | Школьная көшесі | 1 |
21 | Олимпиада көшесі | 1 |
22 | Трудовая көшесі | 1 |
Барлығы | 24 |