"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы № 116 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 15.05.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, № 15 кіреберіс.";

      15-тармақта:

      5) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4), 20-5), 20-6), 20-7), 20-8), 20-9), 20-10), 20-11), 20-12), 20-13) және 20-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20-1) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекіту және олардың сыныптамасын айқындау;

      20-2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын әзірлеу;

      20-3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу;

      20-4) спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын әзірлеу;

      20-5) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын әзірлеу;

      20-6) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекіту;

      20-7) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын әзірлеу;

      20-8) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін әзірлеу;

      20-9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын әзірлеу;

      20-10) спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын әзірлеу;

      20-11) мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін әзірлеу;

      20-12) ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық және республикалық жарыстарды өткізу, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастыру;

      20-13) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) сандық құрамын әзірлеу;

      20-14) спортпен шұғылдану кезінде және оқу мақсаттарында қаруды қолдану қарудың айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қағидаларын әзірлеу;";

      31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісуімен әзірлеу;";

      33) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін әзірлеу;";

      35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлеу және олардың мөлшерін орнату;";

      82) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "82) халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіптік және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру;";

      Комитет қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Астана" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.";

      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Құранбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады