"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1-тармағы 2023 жылғы 1 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы "26" желтоқсандағы № 227 қаулысына 1-қосымша |
2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен |
Тәрбиеленушілер | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||
Жарты күн болатын топта, жалпы білім беретін мектептегі мектепалды даярлық сыныбында |
9 сағаттық | 10,5 сағаттық болу режимі бар топта | түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық болу режимі бар топта | туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған 10,5 сағаттық болу режимі бар топта | ||
ауыл | 29900 | 27686 | 65832 | 72099 | 110826 | 134608 |
қала | 27617 | 24949 | 60359 | 65942 | 100564 | 121780 |
Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы "26" желтоқсандағы № 227 қаулысына 2-қосымша |
2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту: * - жыл көлемінде тәрбиеленушілер саны өзгереді.