Қызылорда қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 81-10/10 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылорда қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық төрағасы И. Құттықожаев

  Қызылорда қалалық маслихатының
2023 жылғы 14 қарашадағы
№ 81-10/10 шешіміне қосымша

Қызылорда қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтердің құны (теңге)

қосылған құн салығын қоспағанда

қосылған құн салығын қоса алғанда

Жайлы үйлер

1 тұрғыннан айына

346,46

388,01

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

406,07

454,80

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

1 933,65

2 165,69

      Ескертпе: м3 – текше метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады