"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 307 шешімі жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Турахметов |