"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 227 "Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 162 "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы: | Ә.Қошалақов |