Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 77 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысына сәйкес және жергілікті қауымның пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Иіркөл ауылдық округіндегі Ы.Жақаев елді мекенінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар:

      1) атауы жоқ көшеге – Сұлтан Қалымбетов есімі;

      2) атауы жоқ көшеге – Әділов Төлеу есімі;

      3) атауы жоқ көшеге – Ақмешіт атауы;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Иіркөл ауылдық округі әкімі О.Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады