Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 18.04.2024 № 18-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалағаш ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы | У. Елеусинов |
Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы "17" тамыздағы № 5-2 шешіміне қосымша |
Жалағаш ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 160,08 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 160,08 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1700,00 |
Аббревиатураның толық жазылуы:
м³ - текше метр.