"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сүттіқұдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Сүттіқұдық ауылдық округі, Сүттіқұдық ауылындағы "Ардагерлер" саябағы Дәніш Қарабалаев есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сүттіқұдық ауылдық округінің әкімі | И. Абуов |