Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 01-02/198 хаттамасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бөлшек сауда бағасының шекті рұқсат етілген мөлшері күнтізбелік отыз күн мерзімге, бірінші сортты бидай ұны килограммы үшін 345 теңге болып бекітілсін.

      2."Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3.Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады