Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспеcі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 2-тармағы 7-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Маңғыстау облысының әкімі
Н. Ногаев
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 23 қарашадағы | |
№ 187 қаулысына қосымша | |
Маңғыстау облысының әкімдігінің | |
2022 жылғы 12 сәуірдегі | |
№ 51 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны(теңге) | ||
10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар | 10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары | 10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы | ||
Ауыл | 25059 | 58084 | 107261 | 88603 |
Қала | 20808 | 51983 | 94550 | 78435 |