Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27659 болып тіркелді.

      Ескерту. 1-тармағы 01.01.2022 бастап туындаған қатынастарға қолданылады - осы шешімнің 4 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 2-тармағы 7-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 07.10.2022 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      3. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 12 сәуірдегі
  № 51 қаулысына
  1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 18.06.2024 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) қаулысымен.

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары

10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы

Ауыл

22808

68256

126316

103985

Қала

25641

60561

110288

91163

 
  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 12 сәуірдегі
  № 51 қаулысына
  2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 18.06.2024 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Тәрбиеленушілер саны

Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)

Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)

Ақтау қаласы

20205

754,60

847,04

Жаңаөзен қаласы

8527

663,3

806,5

Бейнеу ауданы

2766

652,17

767,06

Қарақия ауданы

2031

714,61

926,2

Маңғыстау ауданы

2245

693,85

850,89

Мұнайлы ауданы

9958

697

845

Түпқараған ауданы

2717

722,78

847,78


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады