Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен "Kaz Drill Solution" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 2019 жылғы 3 маусымдағы № 4727-УВС келісімшарты негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kaz Drill Solution" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келісімшарттық аумақ шегінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан алаңы 1072,9 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2023 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Kaz Drill Solution" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орны, жерді рекультивациялау бойынша міндеттер және өзге де шарттарды айқындау үшін "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасасу қажеттілігі ескертілсін.
3. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Ж. Теміров |