Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық - құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 283 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, "Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бейнеусусервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бейнеуэнергосервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының және "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж.Теміров

  Бейнеу ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы "20" қазандағы
  №283 қаулысына қосымша

Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 29.04.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Кәсіпорындардың атауы

Таза кіріс мөлшері

Аударылуға жататын таза кіріс сомасы

1.
2.
3.

"Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бейнеусусервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бейнеуэнергосервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

      2. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың игілігінде қалған таза кіріс бөліктері кәсіпорынды дамытуға, мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобаларға жіберілсін".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады