Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы" 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы";
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.";
осы шешімнің 1-қосымшасы алынып тасталсын;
2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне Қосымша".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сактау
министрлігінің Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
комитеті Қостанай облысының
санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесінің (РММ)
басшысы
_______________ Е. Даулетбаев
"____" ____________ 2023 жыл