Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26597 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Ақсақалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 28 желтоқсандағы | |
№ 587 қаулысына | |
1-қосымша | |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 20 қаңтардағы | |
№ 23 қаулысына | |
1-қосымша |
Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Елді мекен | Тәрбиеленушілердің саны | Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||
9-сағаттық режимдегі топта болу | 10,5-12 сағаттық режимдегі топта болу | санаторлы топта | арнайы топтар | |||
1 | қала | 19516 | 50181 | 54506 | 81598 | 98103 |
2 | ауыл | 5319 | 55728 | 60746 | 91999 | 111104 |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 28 желтоқсандағы | |
№ 587 қаулысына | |
2-қосымша | |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 20 қаңтардағы | |
№ 23 қаулысына | |
2-қосымша |
Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі ұйымдардың орналасқан жері | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (теңге) 3 жасқа дейін/3 жастан бастап | ||
9 сағаттық режимдегі топтар | 10,5 сағаттық режимдегі топтар | 12 сағаттық режимдегі топтар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Алтынсарин ауданы |
3 жасқа дейін – 12125 | - | - |
2 | Амангелді ауданы | - |
3 жасқа дейін – 9609 | - |
3 | Арқалық қаласы |
3 жасқа дейін – 16240 |
3 жасқа дейін – 16240 |
3 жасқа дейін – 16404 |
4 | Әулиекөл ауданы | - |
3 жасқа дейін – 11994 | - |
5 | Бейімбет Майлин ауданы |
3 жасқа дейін – 12761 |
3 жасқа дейін – 16154 | - |
6 | Денисов ауданы | - |
3 жасқа дейін – 12598 | - |
7 | Жангелдин ауданы | - |
3 жасқа дейін – 10135 | - |
8 | Жітіқара ауданы | - |
3 жасқа дейін – 15451 | - |
9 | Қамысты ауданы |
3 жасқа дейін – 15671 |
3 жасқа дейін – 15671 | - |
10 | Қарабалық ауданы | - |
3 жасқа дейін – 17271 | - |
11 | Қарасу ауданы | - |
3 жасқа дейін – 12524 | - |
12 | Қостанай ауданы | - |
3 жасқа дейін – 13948 |
3 жасқа дейін – 16960 |
13 | Қостанай қаласы | - | - |
3 жасқа дейін – 18190 |
14 | Лисаков қаласы | - |
3 жасқа дейін – 14724 | - |
15 | Меңдіқара ауданы | - |
3 жасқа дейін – 14724 | - |
16 | Науырзым ауданы | - |
3 жасқа дейін – 13964 | - |
17 | Рудный қаласы | - |
3 жасқа дейін – 18787 | |
18 | Сарыкөл ауданы |
3 жасқа дейін – 12750 |
3 жасқа дейін – 12750 | - |
19 | Ұзынкөл ауданы | - |
3 жасқа дейін – 10921 | - |
20 | Федоров ауданы | - |
3 жасқа дейін – 12926 | - |