Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 539 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 118, № 119, № 120 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қостанай қаласындағы Притобол саябағында жарықтандыру, бейнебақылау, дыбыстау және суару желілерін салу және қаланың Солтүстік-батыс бөлігінен Қостанай қаласының Халықаралық әуежайына кірме жолды қайта жаңарту үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2023 жылғы 31 наурыздағы
  № 539 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Притобол саябағы мекенжайы бойынша Қостанай қаласындағы Притобол саябағында жарықтандыру, бейнебақылау, дыбыстау және суару желілерін салу, жалпы алаңы 0,6578 гектар;

      2) Қостанай қаласы мекенжайы бойынша қаланың Солтүстік-батыс бөлігінен Қостанай қаласының Халықаралық әуежайына кірме жолды қайта жаңарту, жалпы алаңы 1,6397 гектар;

      3) Қостанай қаласы, Притобол саябағы мекенжайы бойынша Қостанай қаласындағы Притобол саябағында жарықтандыру, бейнебақылау, дыбыстау және суару желілерін салу, жалпы алаңы 0,1285 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады