Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 05.10.2023 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Елтебаева |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 17 мамырдағы | |
№ 30 шешімімен | |
бекітілген |
Қостанай облысы Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Ашутасты ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Ашутасты ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Ашутасты ауылдық округі тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Ашутасты ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ашутасты ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Ашутасты ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ашутасты ауылдық округі шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көп пәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынының ашылуы алдында Ашутасты ауылдық округінің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Ашутасты ауылдық округінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ашутасты ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ашутасты ауылдық округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ашутасты ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Арқалық қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 17 мамырдағы | |
№ 30 шешіміне | |
қосымша |
Қостанай облысы Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Көше атауы | Қостанай облысы Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Ашутасты ауылының тұрғындары үшін | 14 |
ҚР-ның тәуелсіздігіне 10 жыл | 1 |
Академическая көшесі | 1 |
Школьная көшесі | 1 |
Ы. Алтынсарин көшесі | 1 |
Интернациональная көшесі | 1 |
А. Құнанбаев көшесі | 1 |
Майкүтов көшесі | 1 |
Қазақстанға 60 жыл көшесі | 1 |
Гагарин көшесі | 1 |
Олимпийская көшесі | 1 |
Мичурин көшесі | 1 |
Целинная көшесі | 1 |
Животноводческая көшесі | 1 |
Гидроспецстрой көшесі | 1 |
Аққошқар ауылының тұрғындары үшін | 5 |
Абай көшесі | 1 |
Әуезов көшесі | 1 |
Байтұрсынов көшесі | 1 |
Сейфуллин көшесі | 1 |
Алтынсарин көшесі | 1 |
Барлығы: | 19 |