Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізілсін:
1 тараудың 2 тармағы алып тасталсын;
2 тараудың 15 тармағының 11 тармақшасындағы "мүгедектер" деген сөз "мүгедектігі бар адамдарға"деген сөз тіркесімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Алтынсарин ауданының әкімі | А. Сартов |