"Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 58 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 25 желтоқсан № 175 Алтынсарин ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданы әкімі А. Сартов

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 11 мамырдағы
  № 58 қаулысымен
  бекітілген

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Алып тасталды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 28.09.2023 № 120 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.

      6. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      7. Мекеме өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Мекеменің орналасқан жері – индексі 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4.

      10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті ұйымдастыру;

      3) жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың құқықтарын және олардың мүдделерін, әлеуметтік кепілдіктерін қорғау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      құқықтары:

      - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      -сотта талапкер және жауапкер болуға, сондай-ақ өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2) міндеттер:

      - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету;

      - Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Мекеме құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      2) қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді;

      3) тиісті мемлекеттік органдарға статистикалық, ведомстволық және өзге де есептілікті жасайды және ұсынады;

      4) аудан халқының тұрмыс деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған нормативтік құжаттарды, өңірлік бағдарламаларды дайындауға қатысады, олардың орындалу барысын талдайды;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      6) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайынғы немесе біржолғы әлеуметтік көмек түрінде әлеуметтік көмек көрсетеді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бюджет қаражатының қажеттілігін болжау;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

      9) Мүгедектерді оңалтудың облыстық және аудандық бағдарламасын іске асырады, Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын қамтамасыз ету және іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      10) Мекеме құзыретіне жататын халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды және кеңес беруді жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;

      12) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдауға уәкілетті.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 28.09.2023 № 120 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мекеме басшысының өкілеттіктері:

      1) Мекеме қызметкерлерін қызметтерінен босатады және тағайындайды, үйде көмекті қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      2) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді, орындауға міндетті болып табылатын, бұйрықтар шығарады және өкімдер береді;

      3) жұмыскерлерді заңмен белгіленген тәртіп бойынша ынталандыру материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза салу жөніндегі мәселелерді шешеді;

      4) мемлекеттік қызмет, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту туралы заңдарды сақтау, жемқорлыққа қарсы күресу заңдарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      5) ұзақ және қысқа, орта мерзімді перспективті Мекеме жоспарының жобаларын бекіту және әзірлеуді ұйымдастырады;

      6) аудан маслихатымен және әкімнің ақпаратымен, уәкілеті органдармен жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер жөнінде қарым-қатынаста болады;

      7) қаражаттың белгіленген мақсатқа пайдаланылуын бақылауды камтамасыз етеді;

      8) Мекеме өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді;

      9) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Мекеме мүддесін корғайды;

      10) белгіленген қызметкерлер және еңбек төлем қоры шегінде құрылымын әзірлейді және Мекеме қызметкерлерінің штаттық кестесі мен шығындар сметасын бекітеді;

      11) Мекеменің атынан сенім хатсыз іс-әрекеттер жасай алады;

      12) жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша жұмысқа жауапкершілікті алады;

      13) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады.

      Мекеменің басшысы болмаған жағдайда қолданыстағы заңдарға сәйкес міндетін бұйрық бойынша тағайындалған тұлға атқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мекемеде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптастырылады.

      20. Мекемеге бекітілген мүлік мемлекеттік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады