"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы мынадай әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Қойшыбаев |