"Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут орнату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сужарған ауылы әкімінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 8 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабы 1) тармағының 1-1) тармақшасы және 69-бабы 2) тармақшасы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сужарган ауылының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сужарған ауылында талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін, көлемі: 0,2120 гектар жер телімін мерзімі 5 (бес) жылға қауымдық сервитут орналастырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сужарған ауылы әкімінің м.а. Т. Күнтуар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады