"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 37 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін және "Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка және Бестөбе ауылдарын қосу арқылы Қамысты ауданының Қамысты – Алтынсарин жоғары қысымды газ құбырын күтіп ұстау және пайдалану үшін" нысаналы мақсатымен, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Бестөбе ауылы аумағында орналасқан, жалпы алаңы 5,0126 га жер учаскесіне шектеулі мақсатты пайдалану құқығы берілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін және "Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка және Бестөбе ауылдарын қосу арқылы Қамысты ауданының Қамысты – Алтынсарин жоғары қысымды газ құбырын күтіп ұстау және пайдалану үшін" нысаналы мақсатымен, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка ауылдық округі аумағында орналасқан, жалпы алаңы 9,7576 га жер учаскесіне шектеулі мақсатты пайдалану құқығы берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады