Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 35-бабының, 1-тармағының, 6) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Алтынсарино елді мекенінде орналасқан 1,1677 га жер учаскесіне газ құбыры трассасын пайдалану үшін "Қостанай облысының Адаевка және Бестөбе ауылдарын қосатын Қамысты ауданының Қамысты-Алтынсарино жоғары қысымды газ құбырын ұстау және пайдалану арнайы мақсатында жоғары қысымды газ құбырын Қамысты ауданының Қамысты –Алтынсарин сонымен қатар Қостанай облысының Адай мен Бестөбе ауылдарын қоса отырып, құру" жобасын іске асыру мақсатында құрылған қоғамдық сервитут бекітілсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Алтынсарин ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Г. Аведова |