Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35-бабының сәйкес Бестөбе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскесіне нысаналы нысаналы жер пайдалану шектеулі (жария сервитут) 1 жыл мерзімге, жалпы ауданы 0,3224 гектар, Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылы мекенжайы бойынша орналасқан: Школьная көшесі – Абай көшесі – 0,2738 гектар, Абай көшесі – 0,0486 гектар талшықты-оптикалық желіні төсеу және пайдалану үшін "Қостанай облысы В2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін салу" объектісі бойынша байланыс.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылы әкімінің 01.03.2024 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Бестөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;
2) Осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бестөбе ауылының әкімі | С. Бисембаев |