"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу аудандық мәслихатының төрағасы | С. Қажиев |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 12 қазандағы | |
№ 71 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Октябрь ауылдық округі ауылдарының тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны – ауылдық округ тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Октябрь ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға, көшелерге) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Октябрь ауылдық округінің әкімі Октябрь ауылдық округінің ауылдары шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Октябрь ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Октябрь ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Октябрь ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Октябрь ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда бөлек жиынның төрағасы, шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Октябрь ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 12 қазандағы | |
№ 71 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
Октябрь ауылының тұрғындары үшін | 18 |
Ленин көшесі | 1 |
Горький көшесі | 1 |
Октябрьская көшесі | 1 |
Механизаторлар көшесі | 1 |
Шевченко көшесі | |
Калинин көшесі | |
Абай көшесі | 1 |
Валиханов көшесі | 1 |
Баймагамбетов көшесі | 1 |
Киров көшесі | 1 |
60 лет Казахстана көшесі | |
Пряничников көшесі | 1 |
Набережная көшесі | 1 |
С.Мельник көшесі | |
Школьная көшесі | 1 |
Амангельды көшесі | 1 |
Титов көшесі | 1 |
В.Терешкова көшесі | |
Куйбышев көшесі | 1 |
Байтурсынов көшесі | 1 |
Мичурин көшесі | 1 |
Ватутин көшесі | |
50 лет ВЛКСМ көшесі | 1 |
Довгаль көшесі | |
Парковая көшесі | 1 |
Садовая көшесі | |
Пушкин көшесі | |
Гагарин көшесі | |
С.Королев көшесі | |
Зеленая көшесі | |
Северная көшесі | |
Железнодорожный ауылының тұрғындары үшін | 11 |
Новая көшесі | 1 |
Воронежская көшесі | 1 |
Ленин көшесі | 1 |
Целинная көшесі | 1 |
Горький көшесі | 1 |
Воронцовская көшесі | 1 |
Юбилейная көшесі | 1 |
Молодежная көшесі | 1 |
Степная көшесі | |
Комсомольская көшесі | 1 |
Гагарин көшесі | 1 |
Московская көшесі | 1 |
Теректы ауылының тұрғындары үшін | 6 |
Гагарин көшесі | 1 |
Целинная көшесі | 1 |
Майлин көшесі | 1 |
Комсомольская көшесі | |
Ленин көшесі | 1 |
Зеленая көшесі | |
Набережная көшесі | 1 |
Пионерская көшесі | |
Нуртазин көшесі | 1 |
Лесная көшесі | |
Барлығы | 35 |