Қостанай облысы Қостанай ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 121 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 32894 болып тіркелді) сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Қостанай ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы М. Сартов

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 22 желтоқсандағы
  № 121 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Октябрь ауылдық округінің ауылдар, көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны - ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Октябрь ауылдық округі аумағы ауылдарға, көшелерге бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Октябрь ауылдық округінің әкімі ауылдар, көшелер шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Октябрь ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Октябрь ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Октябрь ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Октябрь ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 22 желтоқсандағы
  № 121 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

№ р/р

Октябрь ауылдық округінің ауылдар, көшелерінің атауы

Октябрь ауылдық округінің ауыл көшелерінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Октябрь ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Олимпийская көшесі

2

Степная көшесі

1

Дорожная көшесі

1

Мир көшесі

1

Цветочная көшесі

1

Кузнечная көшесі

3

Лесная көшесі

3

Московская көшесі

1

Ленинградская көшесі

1

Советская көшесі

1

Казахстанская көшесі

1

Новая көшесі

1

2

Молокановка ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Н.Г.Селезнев көшесі

2

Дорожная көшесі

1

Целинная көшесі

1

Луговая көшесі

1

Урожайная көшесі

1

Школьная көшесі

1

Степная көшесі

1

3

Нечаевка ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Абай көшесі

2

Нишанов көшесі

2

Торговая көшесі

1

Целинная көшесі

1

Степная көшесі

1

Луговая көшесі

1

Школьная көшесі

1

4

Рыбное ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Школьная көшесі

1

Центральная көшесі

2

Луговая көшесі

1

5

Шоққарағай ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Школьная көшесі

1

Лесная көшесі

1

Валиханов көшесі

2

6

Лиманное ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде:

Казахская көшесі

1

Фермерская көшесі

1

Западная көшесі

1

Лиманная көшесі

1

Восточная көшесі

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады