"Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 5 шешімі

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Александров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне газ құбырын төсеу және пайдалану үшін, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Александров ауылдық округі, Еңбек ауылы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 0,0406 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

      2. "Қостанай ауданының Александров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Александров ауылдық округінің әкімі Р. Кембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады