"Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысы

      Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 49 "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

      31) мемлекеттік органның кадр құрамын, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

      32) аудан аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      33) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездеғі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;

      34) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-бірліктер іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;

      35) ауданның жұмылдыру жоспарын әзірлейді, облыс әкімдігімен келіседі және бекітеді, сондай - ақ әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шаралар өткізеді;

      36) жұмылдыру дайындығы мақсатында әкімшілік-аумақтық бөлініс ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарлар өндіруге, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасады;

      37) облыс әкімдігіне жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      38) мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      39) жұмылдыру жариялау кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.".

      2. "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарына хабарлауды;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Cарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Балғарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады