"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан мәслихатының төрағасы | Д.А. Мартин |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 25 желтоқсандағы | |
№ 63 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Әйет ауылдық округі ауылдарының тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны – ауылдық округ тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Әйет ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға, көшелерге) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Әйет ауылдық округінің әкімі Әйет ауылдық округінің ауылдары шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Әйет ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Әйет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Әйет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Әйет ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихатымен бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда бөлек жиынның төрағасы, шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Әйет ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 25 желтоқсандағы | |
№ 63 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
Әйет ауылының тұрғындары үшін | 26 |
40 лет Победы көшесі | 3 |
50 лет Октября көшесі | 3 |
Восточная көшесі | 1 |
Жабағы-Батыр көшесі | 3 |
Западная көшесі | 2 |
Тәуелсіздік көшесі | 3 |
Республика көшесі | 3 |
Лесопитомник көшесі | 1 |
Е. Омаров көшесі | 3 |
Мир көшесі | 1 |
Набережная көшесі | 3 |
Болашақ көшесі | 3 |
Е. Өмірзақов көшесі | 3 |
Рассвет көшесі | 2 |
Садовая көшесі | 3 |
Б. Майлина көшесі | 3 |
Совхозная көшесі | 1 |
Среднее профессионально-техническое училище көшесі | 3 |
Степная көшесі | 3 |
Строительная көшесі | 2 |
Темирбаева көшесі | 3 |
Тернопольская көшесі | 2 |
Тобольская көшесі | 3 |
Целинная көшесі | 1 |
Южная көшесі | 3 |
Майлин тұйық көшесі | 1 |
Красносельское ауылының тұрғындары үшін | 36 |
Набережная көшесі | 3 |
Комсомольская көшесі | 3 |
Красносельская көшесі | 3 |
Майлина көшесі | 2 |
Строительная көшесі | 1 |
Победы көшесі | 1 |
Таран көшесі | 2 |
Степная көшесі | 2 |
Гагарин көшесі | 1 |
Молодежная көшесі | 2 |
Зеленая көшесі | 2 |
Целинная көшесі | 2 |
Садовая көшесі | 1 |
Терешкова көшесі | 3 |
Новая көшесі | 2 |
Южная көшесі | 2 |
Северная көшесі | 2 |
Приречная көшесі | 2 |
Журавлевка ауылының тұрғындары үшін | 2 |
Набережная көшесі | 1 |
Школьная көшесі | 1 |
Орынбор ауылының тұрғындары үшін | 10 |
Восточная көшесі | 2 |
Западная көшесі | 2 |
Набережная көшесі | 2 |
Майлин көшесі | 2 |
Строительная көшесі | 2 |
Щербиновка ауылының тұрғындары үшін | 3 |
Южная көшесі | 1 |
Лесная көшесі | 1 |
Центральная көшесі | 1 |
Барлығы | 63 |