"Ұзынкөл ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ММ Троебратское ауылында су тарату құбырларын салу үшін қысқа мерзімді уақытша өтеулі шектеулі жер пайдалану құқығын беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылы әкімінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 2-ш шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ұзынкөл ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ұзынкөл ауданының Троебратское ауылында жалпы ауданы 11,9041 гектар, 4 жыл мерзімге су тарату желілерін салу мақсатында жер учаскесін пайдалануға жария сервитут белгіленсін.

      2. Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы шешімді Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімінің міндеттерін уақытша атқарушы Э. Саяжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады