"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 167 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №190 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің заңды мекенжайы орналасқан жер: 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.";

      15-тармақтың 49) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру және оның жүзеге асырылуын ұйымдастыру;";

      Комитет қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Ә. Қуантыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады