"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 136 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) осы бұйрыққа 5-1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті сеніп тапсырылған мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
генерал-лейтенант
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2023 жылғы " " №
бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 3 қарашадағы
№17 бұйрығына
5-қосымша

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мемлекеттік мекеме) бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің түpi: республикалық.

      3. Мемлекеттік мекеме КСРО Қарулы Күштері Бас штабының 1973 жылғы 1 сәуірдегі № 314/11/00558 Директивасымен құрылды.

      4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Yкімeтi болып табылады.

      5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып табылады.

      6. Мемлекеттік мекеменің атауы: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, индексі 040600, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылдық округі, Ұзынағаш ауылы, Бәйдібек би көшесі, 29 құрылыс.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

      8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Жауынгерлік Туы, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

      9. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

      10. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      11. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

      12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілерді және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеменің мақсаты азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

      14. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) бейбіт уақытта:

      Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларды жою;

      жауынгерлік, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру;

      төтенше жағдайлар аймақтарындағы халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;

      төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысу;

      Министрліктің қарауындағы басқару пункттерін күзетуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      төтенше жағдайлар аймақтарына, оның ішінде шет мемлекеттерге де жеткізілетін жүктерді тасымалдау, алып жүру және күзету;

      жұмылдыра өрістетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесіне келтiру жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру;

      оқу объектілерін, полигондарды әзірлікте ұстап тұру;

      2) соғыс уақытында:

      қорғаныс шептері мен позицияларын құру;

      зақымдау ошақтары мен зарарлану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;

      зақымдау ошақтарында, зарарлану және апатты су басқан аймақтарда авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;

      әуеайлақтарды, жолдарды, өткелдерді және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды бөліктерін қалпына келтіру, қайта тиеу пункттерін жабдықтау;

      эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге қатысу;

      аумақтық қорғаныстың жекелеген міндеттерін орындау;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындау.

      15. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

      16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле Министрліктің, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

      17. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Министрлік жүзеге асырады.

      18. Министрлік заңнамада белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

      2) мемлекеттік мекемені жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) мемлекеттік мекеменің құрылымын айқындайды;

      6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

      7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

      8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;

      10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

      11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекеменің жедел-қызметтік қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді Министрліктің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.

      20. Әскери бөлімнің командирі (бұдан әрі - Командир) заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. Командир мемлекеттік мекеменің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастырады, оған басшылық етеді және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен оның функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

      22. Командир дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      23. Командирдің мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

      24. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында Командир Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) Министрліктің және Комитеттің келісімі бойынша мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, оқу орындарында (орталықтарда) оқыту және біліктілікті арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;

      6) барлық әскери қызметшілер мен азаматтық қызметшілер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) белгіленген тәртіппен банк шоттарын ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынады;

      8) әскери қызметшілерге және азаматтық қызметшілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

      9) бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесіне сәйкес әскери атақтар беру туралы ұсынымдар береді және енгізеді;

      10) өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің басқа да лауазымды адамдарының міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

      11) қаржы құжаттарына бірінші қол қоюға құқығы бар;

      12) мемлекеттік мекеменің күшері мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына аттануға тұрақты дайын болу және құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлігін жетілдіру және қолдау бойынша шаралар қабылдайды;

      13) жеке құрамды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      14) әкімшілік – тұрмыстық кешенді пайдалануды, әскери және басқа да техниканы, авариялық-құтқару жабдығын, байланыс құралдарын, мүкәммалды және басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;

      15) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді, сондай-ақ қаржылық жоспарлауды, бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жүргізуді ұйымдастырады;

      16) Комитет пен Министрлік белгілеген нысандарға сәйкес есептіліктің уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

      17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

      18) ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға, бағынысты әскери қызметшілердің әдеп кодексін және қызметте және тұрмыста міндетті мінез-құлық нормаларын сақтауына, құрылымдық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға дербес жауапты болады;

      19) қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады;

      20) алғашқы медициналық және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту жөнінде шаралар қабылдайды;

      21) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жүйелі мәселелерді анықтауды және талдауды жүзеге асырады;

      22) қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін жағдайда әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;

      23) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және Министрлікпен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Командир болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

      25. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.

      26. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

      27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін Министрлік бюджеттен қаржыландырады.

      28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      29. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлігік жүзеге асырады.

6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

      30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7-тарау. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      31. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар Министрліктің шешімі бойынша жүзеге асырылады, және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.

8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2023 жылғы " " №
бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 3 қарашадағы
№17 бұйрығына
5-1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ж арғысы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мемлекеттік мекеме) бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің түpi: республикалық.

      3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Yкімeтiнің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 122 қаулысымен құрылды.

      4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Yкімeтi болып табылады.

      5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып табылады.

      6. Мемлекеттік мекеменің атауы: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, индексі 030001, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Құрашасай тұрғын алабы, Абай көшесі, 328 құрылыс.

бұйрығына 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 3 қарашадағы
№17 бұйрығына
6-қосымша

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мемлекеттік мекеме) бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің түpi: республикалық.

      3. Мемлекеттік мекеме КСРО Ішкі істер министрінің 1959 жылғы 04 қазандағы № 087 бұйрығымен құрылды.

      4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Yкімeтi болып табылады.

      5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып табылады.

      6. Мемлекеттік мекеменің атауы: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, индексі 071400, Абай облысы, Семей қаласы, Сорокина көшесі, 18 үй.

бұйрығына 4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 3 қарашадағы
№ 17 бұйрығына
7-қосымша

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлім" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi - мемлекеттік мекеме) бейбіт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің түpi: республикалық.

      3. Мемлекеттік мекеме КСРО Азаматтық қорғаныс бастығының 1967 жылғы 19 сәуірдегі № 4/18454 Директивасымен құрылды.

      4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Yкімeтi болып табылады.

      5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып табылады.

      6. Мемлекеттік мекеменің атауы: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, индексі 100020, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, Зелинский көшесі, 34/2 үй.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

      8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Жауынгерлік Туы, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

      9. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

      10. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      11. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

      12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы халықты, объектілерді және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеменің мақсаты азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

      14. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) бейбіт уақытта:

      Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларды жою;

      жауынгерлік, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру;

      төтенше жағдайлар аймақтарындағы халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;

      төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысу;

      Министрліктің қарауындағы басқару пункттерін күзетуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      төтенше жағдайлар аймақтарына, оның ішінде шет мемлекеттерге де жеткізілетін жүктерді тасымалдау, алып жүру және күзету;

      жұмылдыра өрістетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесіне келтiру жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру;

      оқу объектілерін, полигондарды әзірлікте ұстап тұру;

      2) соғыс уақытында:

      қорғаныс шептері мен позицияларын құру;

      зақымдау ошақтары мен зарарлану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;

      зақымдау ошақтарында, зарарлану және апатты су басқан аймақтарда авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу;

      әуеайлақтарды, жолдарды, өткелдерді және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды бөліктерін қалпына келтіру, қайта тиеу пункттерін жабдықтау;

      эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге қатысу;

      аумақтық қорғаныстың жекелеген міндеттерін орындау;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындау.

      15. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

      16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле Министрліктің, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

      17. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Министрлік жүзеге асырады.

      18. Министрлік заңнамада белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

      2) мемлекеттік мекемені жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      4) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) мемлекеттік мекеменің құрылымын айқындайды;

      6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

      7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

      8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;

      10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

      11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекеменің жедел-қызметтік қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді Министрліктің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.

      20. Әскери бөлімнің командирі (бұдан әрі - Командир) заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. Командир мемлекеттік мекеменің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастырады, оған басшылық етеді және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен оның функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

      22. Командир дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      23. Командирдің мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

      24. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында Командир Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) Министрліктің және Комитеттің келісімі бойынша мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, оқу орындарында (орталықтарда) оқыту және біліктілікті арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;

      6) барлық әскери қызметшілер мен азаматтық қызметшілер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) белгіленген тәртіппен банк шоттарын ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынады;

      8) әскери қызметшілерге және азаматтық қызметшілерге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

      9) бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесіне сәйкес әскери атақтар беру туралы ұсынымдар береді және енгізеді;

      10) өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің басқа да лауазымды адамдарының міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

      11) қаржы құжаттарына бірінші қол қоюға құқығы бар;

      12) мемлекеттік мекеменің күшері мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына аттануға тұрақты дайын болу және құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлігін жетілдіру және қолдау бойынша шаралар қабылдайды;

      13) жеке құрамды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      14) әкімшілік – тұрмыстық кешенді пайдалануды, әскери және басқа да техниканы, авариялық-құтқару жабдығын, байланыс құралдарын, мүкәммалды және басқа да мүлікті жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және бақылайды;

      15) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді, сондай-ақ қаржылық жоспарлауды, бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жүргізуді ұйымдастырады;

      16) Комитет пен Министрлік белгілеген нысандарға сәйкес есептіліктің уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

      17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

      18) ұжымда моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға, бағынысты әскери қызметшілердің әдеп кодексін және қызметте және тұрмыста міндетті мінез-құлық нормаларын сақтауына, құрылымдық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға дербес жауапты болады;

      19) қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады;

      20) алғашқы медициналық және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту жөнінде шаралар қабылдайды;

      21) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жүйелі мәселелерді анықтауды және талдауды жүзеге асырады;

      22) қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін жағдайда әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;

      23) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және Министрлікпен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Командир болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

      25. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.

      26. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

      27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін Министрлік бюджеттен қаржыландырады.

      28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      29. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлігік жүзеге асырады.

6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

      30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7-тарау. Құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      31. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар Министрліктің шешімі бойынша жүзеге асырылады, және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.

8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады