Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Павлодар қаласының "Ленин" кенті "Атамекен" кентіне;
Железин ауданынының "Озерное" ауылдық округі "Майлы" ауылдық округіне және "Озерное" ауылы "Майлы" ауылына;
Тереңкөл ауданының "Бобровка" ауылдық округі "Жаңабет" ауылдық округіне;
"Федоровка" ауылдық округі "Томарлы" ауылдық округіне және "Федоровка" ауылы "Томарлы" ауылына;
"Верненка" ауылдық округі "Алтай" ауылдық округіне және "Львовка" ауылы "Алтай" ауылына;
"Воскресенка" ауылдық округі "Әулиеағаш" ауылдық округіне және "Воскресенка" ауылы "Әулиеағаш" ауылына;
"Березовка" ауылы "Аққайың" ауылына және "Трофимовка" ауылы "Қоржынкөл" ауылына қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
Облыстық мәслихаттың төрағасы | И. Теренченко |