Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округіндегі Кенжекөл, Байдала және Долгое ауылдарының көшелеріне қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 17-1-03/97 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округіндегі Кенжекөл, Байдала және Долгое ауылдары тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастикалық комиссиясының корытындысының негізінде Кенжекөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округіндегі Кенжекөл ауылының "Гуляйкин" көшесін "Ақсарай" көшесі, "Дружба" көшесін – "Бейбарыс сұлтан" көшесі, "Казаков" көшесін – "Қазанат" көшесі, "Солодникова" көшесін – "Тайкелтір би" көшесі, "Лебяжинский" көшесін – "Көктем" көшесі, "Депутатов" көшесін – "Күншуақ" көшесі, "Мкр ИЖС-1А" көшесін "Үркер" көшесі, "Мкр ИЖС-1" көшесін "Ақниет" көшесі, Байдала ауылының "Дюженко" көшесін – "Жұпар" көшесі, Долгое ауылының "Баспаков" көшесін – "Құлагер" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын қабылдауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған кейіннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдаңысқа енгізіледі.

      М.Сансызбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады