Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 26.09.2023 № 56/8 (шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 181 бұйрығына сәйкес Ақсу қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шетелдіктер үшін 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың төрағасы | М. Омарғалиев |