Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы "Ақсу қаласының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 226/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6007 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақсу қаласының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысы регламентінің 4-тармағында 10) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың төрағасы | М. Омарғалиев |