Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 1-03/05 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының № 1 хаттамасы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылындағы келесі көшелері:

      "Молодежная" көшесі "Мұхтар Әуезов" көшесі болып;

      "Школьная" көшесі "Жүсіпбек Аймауытов" көшесі болып;

      "Зеленая" көшесі "Сәбит Дөнентаев" көшесі болып;

      "60 лет Октября" көшесі "Бұқар жырау" көшесі болып;

      "Луговая" көшесі "Мәшһүр Жүсіп" көшесі болып;

      "Дорожная" көшесі "Ақдала" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округінің әкімі Д. Әбілдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады