Ақтоғай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 34/5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңың 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ж. Ташенев

  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 34/5 шешімімен
бекітілген

Ақтоғай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      1. Ақтоғай ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі осы жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына,Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 173 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы"№ 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері жыныстық және жас айырмашылығы бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер ескеріле отырып қабылданды.

      3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың жойылу процестерінің алдын алу мақсатында қабылданды.

      4. Жоспар мазмұны:

      1) осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Ақтоғай ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);

      2) осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;

      3) осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;

      4) осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;

      5) осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оларды берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;

      6) осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;

      7) осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі.

      5. Аудан аумағындағы топырақ шабындықты сары, қоңыр сары, шабындықты және сор, сортаң болып келеді.

      Ақтоғай ауданының өсімдік жабындысының ерекшелігі шымды астық тұқымдас (селеу, сұлы, бетеге) болып табылады.

      Жайылымдар ауданның табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты жазық қыр және құрғақ қыр жайылымдарына жатады. Қыр өңіріндегі топырақ - қоңыр сары түсті. Түрі бойынша - селеулі-бетегелі-әртүрлі шөпті және селеулі-бетегелі-жусанды.

      Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 4,8 центнер/гектар. Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 200-210 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.

      6. Ақтоғай ауданы Павлодар облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және солтүстікте Ертіс ауданымен, оңтүстікте Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарымен, батыста Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі, шығыста Тереңкөл және Павлодар аудандарымен Ертіс өзеннің ағынымен шектеседі. Аудан орталығы - Ақтоғай ауылы. Аумақтық-әкімшілік бөлінісі 7 ауылдық округте орналасқан 31 елді мекендерден тұрады.

      Ауданның климаты күрт континентальды, қысы - суық, жазы - ыстық. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы Цельсий бойынша -17 - -19° градус, шілдеде Цельсий бойынша +20 - +21° градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 250-300 миллиметр.

      7. Ауданның жалпы жер қоры 977 801 гектар, соның ішінде жайылымдар – 655 567 гектар.

      Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 583 709 гектар;

      елдi мекендердiң жерлерi – 170 500 гектар;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 2 525 гектар;

      орман қорының жерлері – 3 614 гектар;

      су қорының жерлерi – 1 211 га;

      босалқы жерлер – 216 242 га.

      Ақтоғай ауданында жер балансының мәліметтері бойынша 532 ауылшаруашылық құрылымдарына 583 709 га жер тиесілі, соның ішінде жайылымдар 391 382 га.

      380 шаруа және фермер қожалықтарында 454854 га, оның ішінде жайылымдар 341 940 га;

      19 шаруашылық серіктестіктерде 116 279 га, оның ішінде жайылымдар 42 375 га;

      132 жеке кәсіпкерде 12 085 га, оның ішінде жайылымдар 7 066 га;

      1 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорын - 491 га .

      8. Аудан аумағындағы негізгі жайылым пайдаланушылары ауыл шаруашылығы құрылымдары болып табылады. Аудан тұрғындарының мал басы елді мекендерге тиесілі жерлерде бағылады.

      9. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: жеке тұлғаларда - 18367 бас ірі қара мал, 24639 бас ұсақ мал, 6686 бас жылқы; заңды тұлғаларда – 16034 бас ірі қара мал, 14125 бас ұсақ мал, 8102 бас жылқы. Жалпы аудан бойынша 34401 бас ірі қара мал, 38764 бас ұсақ мал, 20877 бас жылқы бар.

      Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша қалыптастырылған үйірлер, отарлар, табындар келесідей бөлінген: ірі қара мал 152 үйір, ұсақ мал 52 отар, жылқылар 38 табын.

      10. Аудан аумағында ветеринариялық-санитарлық 42 объектілер қызмет істейді, соның ішінде 29 мал көмінділері, 11 мал дәрігерлік пункттері, 2 ұрықтандыру пункттері.

      11. Ақтоғай ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді берген кезде сервитуттар белгіленеді.

  Ақтоғай ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 1-қосымша

Құқық белғілейтін құжаттар негізінде жер санаттарды, жер учаскелерінің иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Ақтоғай ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)



  Ақтоғай ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 2-қосымша

Ақтоғай ауданының аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары.



  Ақтоғай ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 3-қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген Ақтоғай ауданының картасы.



  Ақтоғай ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 4-қосымша

Ақтоғай ауданының аумағында су жайылым пайдаланушылырдың тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне қол жеткізу схемасы.



  Ақтоғай ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 5-қосымша

Ақтоғай ауданының аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) занды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы.



  Ақтоғай ауданы бойынша
2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 6-қосымша

Ақтоғай ауданының аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы.



  Ақтоғай ауданы бойынша
  2023-2024 жылдарға арналған
  жайылымдарды басқару және
  оларды пайдалану жөніндегі
  жоспарға 7-қосымша

Ақтоғай ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Р/с

Ауылдық округ атауы

Жайылымдарға малдардың айдап шығару мерзімі

Жайылымдардан малдардың қайтару мерзімі

1

Ақтоғай ауылдық округі

Мамырдың бірінші жартысы

Қыркүйектің екінші онкүндігі

2

Мүткенов ауылдық округі

Мамырдың бірінші жартысы

Қыркүйектің екінші онкүндігі

3

Қожамжар ауылдық округі

Мамырдың бірінші жартысы

Қыркүйектің екінші онкүндігі

4

Қараоба ауылдық округі

Мамырдың бірінші жартысы

Қыркүйектің екінші онкүндігі

5

Ақжол ауылдық округі

Мамырдың бірінші жартысы

Қыркүйектің екінші онкүндігі

6

Жолболды ауылдық округі

Мамырдың бірінші жартысы

Қыркүйектің екінші онкүндігі

7

Жалаулы ауылдық округі

Мамырдың бірінші жартысы

Қыркүйектің екінші онкүндігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады