Ақтоғай аудандық мәслихаты "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы "Ақтоғай ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023 – 2024 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы" № 34/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183414 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ташенев |