Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 02.10.2024 № 9/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 2 бөлігі 4-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 19 қарашадағы кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Еркин Темирболатович Арыстанбеков тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Баянауыл ауданының экономика және қаржы бөлімі табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін қаржы қарастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл ауданының әкімі | А. Ксентаев |