"Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 56/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31- бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ертіс ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институт" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын;

      осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      3. Ертіс ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 45/3 қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімі аппаратының басшысы Р. К. Ареновке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Шәріпов

  Ертіс ауданы
әкімдігінің 2023 жылғы
"28" қаңтардағы
№ 56/2 қаулысымен
бекітілген

"Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ) Ертіс ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер мен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер қабылдайды.

      7. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97.

      Заңды тұлғаның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      орыс тілінде: "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ жұмыс режимі мынадай тәртіппен белгіленеді: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, бес күндік жұмыс аптасы кезінде түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі және мереке күндері.

      9. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      10. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 тарау. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ міндеттері мен өкілеттіктері

      11. Мақсаттары:

      Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      Ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша әкімнің қызметін қамтамасыз ету;

      12. Өкілеттіктері

      1) Құқықтары:

      - әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      - жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      - аудан әкімдігінің бекітуіне "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені ұсынады;

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын және (немесе) түсімдерді үнемдеу есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды;

      - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

      - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады.

      - "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ қызметкерлерінің нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;

      - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ атынан өкілдік етеді;

      - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттар береді;

      - "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;

      - азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      - "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      - аудан әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша ауылдағы авариялық тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;

      - Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2) Міндеттері:

      - қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      - Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

      13. Функциялары:

      1) Өз құзыреті шеңберінде "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ:

      - жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      - жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастықтың жиыны мен жиналысын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      - ауыл бюджетін жоспарлауды және орындауды қамтамасыз етеді;

      - тиісті мәслихаттың бекітуі үшін "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және жоғары тұрған әкімдікке енгізеді;

      - жергілікті қоғамдастық жиналысына және Ертіс аудандық мәслихатына ауыл бюджетінің атқарылуы туралы есеп береді;

      - ауыл бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      - жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      - ауылдың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;

      - мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдемдеседі;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдың меншік құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) қорғауды жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушының міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      - заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

      - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

      - азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

      - өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

      - ауылда автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді;

      - шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

      - өз құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      - тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      - аз қамтылған адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      - мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      - қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      - дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;

      - мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

      - халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      - қылмыстық-түзеу инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

      - жұмыспен қамту органдары жоқ жерлерде жұмыссыздарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атап өтеді;

      - жазаның осы түріне сотталған адамдарға қылмыстық - түзеу қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады;

      - ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      - жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;

      - шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда науқастарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;

      - мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      - статистикалық және шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      - жергілікті бюджетті бекіту кезінде қалалық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

      - өз құзыреті шегінде ауылды сумен қамтамасыз етуді және су пайдалану мәселелерін реттеуді ұйымдастырады;

      - ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;

      - жерлеу және қабірлерге күтім жасау жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қабірлерге арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді жүргізеді;

      - туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      - кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

      - елді мекен жерлерінде мал жаюға арналған орындарды айқындайды;

      - тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды;

      - тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешім қабылдайды; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді;

      - агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) ұсынады;

      - ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады;

      - жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы жайылым пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің шекті жол берілетін нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      - жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды өзінің интернет-ресурстарында орналастырады;

      - ауыл аумағында иесіз, бөлшектелген, пайдаланылатын, пайдаланылмайтын және мақсатсыз пайдаланылатын тұрғын және тұрғын емес мүлік объектілерін, жер учаскелерін бақылау, анықтау және есепке алу.

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға береді;

      - тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, олардың құрамдас бөліктерін қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;

      - мемлекеттік қызмет көрсетеді:

      1. "Сауда-саттықты, аукциондарды, конкурстарды өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"; 2. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"; 3. "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату"; 4. "Жер учаскесін алуға кезекке қою"; 5. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру";

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпарат саласындағы уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

      - Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2) "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша:

      - өз құзыреті шегінде жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлікті басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      - шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      - аудан әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      - Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, оған қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ әкімінің мәртебесі, өкілеттігі

      14. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ басшылығын "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ-не жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады;

      15. Ертіс ауылының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      16. Ертіс ауылының әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      17. Ертіс ауылы әкімінің өкілеттіктері:

      1) Ертіс ауылының әкімі лауазымды тұлға болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста әкім аппаратының мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде оны алмастыратын тұлға орындайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ әкім немесе оны алмастыратын, қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын лауазымды адам басқарады Қазақстан Республикасының заңнамасымен.

4 тарау. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ мүлкі

      19. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ бекітілген мүлік ауылдың коммуналдық меншігіне жатады.

      21. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзге де тәсілмен билік етуі мүмкін.

5 тарау. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады