Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 -тармағына, Ертіс ауданы Ертіс ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ертіс ауылының әкімі ШЕШІМ қабылдады:
1. Ертіс ауданы Ертіс ауылының келесі көшелері:
Чайковский көшесін – Марқа Мақауов көшесі;
Фрунзе көшесін – Қайырбек Ламашәріпов көшесі;
Степная көшесі – Тәуелсіздік көшесі болып қайта аталсын.
2. Кажимухан көшесін Қажымұқан көшесі, Серик Муткенов көшесін Серікбай Мүткенов көшесі болып транскрипциялары өзгертілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ертіс ауылының әкімі | Д. Алкенов |