Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылының келесі көшелері:

      "Дружба" көшесі "Қатша Оспанова" көшесі болып;

      "Северная" көшесі "Тілектес Садықов" көшесі болып;

      "Титов" көшесі "Ілияс Жанқарин" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл ауылдық округінің әкімі Р. Айтмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады