Тереңкөл ауданы Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 1-04/1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Тереңкөл ауданы Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылының келесі көшелері:

      "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып;

      "Степная" көшесі "Мерей" көшесі болып;

      "Максима Горького" көшесі "Қайыржан Оспанов" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоровка ауылдық округінің әкімі Е. Құставлетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады