Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Воскресенка ауылдық округі Воскресенка, Березовка ауылдары халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің Воскресенка ауылындағы "Молодежная" көшесі "Мерей" көшесі болып қайта аталсын.
2. Тереңкөл ауданы Воскресенка ауылдық округінің Березовка ауылындағы "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі, "Советов" көшесі "Астана" көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Воскресенка ауылдық округінің әкімі | О. Жаркина |