"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы қаласы халқының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының және Республикалық ономастика комиссиясының қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С. Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, Халық банкі мен "Almaty Theatre" театры ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін.
2. Осы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және Алматы қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |