"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК-ға бекітілген және Астана қаласында тұратын мемлекеттік қызметшілерге еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағын электрондық түрде ұсынудың автоматтандырылған процесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 160, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 қазандағы № 212, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 530/НҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 462 және "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 138 бірлескен бұйрығы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 35-1-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32893 болып тіркелген) бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК-ға бекітілген және бірінші емханалық бөлімшесінде қызмет алатын адамдарды қоспағанда Астана қаласында тұратын мемлекеттік қызметшілерге еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағын электрондық түрде ұсынудың автоматтандырылған процесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2023 жылғы 27 қарашадан бастап 2024 жылғы 1 сәуірге дейін іске асырсын.

      2. Астана қаласы бойынша мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесінен еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағы (жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты қоспағанда), "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК-ға бекітілген және бірінші емханалық бөлімшесінде қызмет алатын адамдарды қоспағанда Астана қаласында тұратын мемлекеттік қызметшілерге еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағы электрондық түрде берілсін.

      3. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК-ға бекітілген және бірінші емханалық бөлімшесінде қызмет алатын адамдарды қоспағанда Астана қаласында тұратын мемлекеттік қызметшілерге еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағын электрондық түрде ұсынудың автоматтандырылған процесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі аппаратының басшыларына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі

________________А. Ғиният
Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрі______________ С. Жақыпова
      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы

___________ Д. Жазықбай
"Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Іс басқармасыныңМедициналық орталығы"ММ басшысы_____________ А. Цой
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
________________ Б. Мусин

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2023 жылғы 31 қазандағы
№160
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2023 жылғы 2 қарашадағы
№462
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 31 қазандағы
№212
"Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқармасының
Медициналық орталығы"
ММ басшысы
2023 жылғы ___ __________
№_________
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 8 қарашадағы
№530/НҚ бірлескен бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК-ға бекітілген және Астана қаласында тұратын мемлекеттік қызметшілерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағын (жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парақты қоспағанда) электрондық түрде ұсынудың автоматтандырылған процесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК-ға бекітілген және бірінші емханалық бөлімшесінде қызмет алатын адамдарды қоспағанда Астана қаласында тұратын мемлекеттік қызметшілерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағын (жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парақты қоспағанда) электрондық түрде ұсынудың автоматтандырылған процесін енгізу жөніндегі, пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК-ға бекітілген және бірінші емханалық бөлімшесінде қызмет алатын адамдарды қоспағанда Астана қаласында тұратын мемлекеттік қызметшілерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағын (жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парақты қоспағанда) электрондық түрде ұсынудың автоматтандырылған процесін енгізу жөніндегі, пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру кезіндегі іс-қимылдардың реттілігін айқындайды.

      1. Бұл алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) "АЕК" АЖ – медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (сатысында) медициналық көмек көрсету процесін автоматтандыруға арналған "Амбулаториялық-емханалық көмек" ақпараттық жүйесі;

      2) МАЖ – медициналық ақпараттық жүйе;

      3) "Е-қызмет" ИАЖ (бұдан әрі - "Е-қызмет") – "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесіндегі бизнес-процестерді жетілдіруге арналған;

      4) ЭҮШ – "Электрондық үкіметтің" шлюзі;

      5) ЭҮСШ – "Электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі;

      6) ФЛБ-форматты-логикалық бақылау;

      7) пациент – бірінші емханалық бөлімшесінде қызмет алатын адамдарды қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК-ға (бұдан әрі - БМО) бекітілген және Астана қаласында тұратын мемлекеттік қызметші.

      Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мәнінде пайдаланылады.

2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

      2. Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты беруді және ұзартуды, пациенттің денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуды жүзеге асыруды Астана қаласы БМО медицина қызметкерлері МАЖ-да жүргізеді.

      3. МАЖ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бергеннен және ұзартқаннан кейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы туралы мәліметтерді ЭҮСШ /ЭҮШ сервис "АЕК" АЖ деректерінің бірыңғай қоймасына жібереді.

      4. "АЕК" АЖ ЭҮШ арқылы МАЖ-дан деректерді алады, ФЛБ сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, мәліметтерді "АЕК" АЖ дерекқорына жазады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша алынатын және берілетін деректердің тізбесі осы Алгоритмге қосымшада келтірілген.

      5. "АЕК" АЖ ЭҮШ арқылы ЖСН бойынша сұрау салуды "Е-қызмет" ААЖ-ға (мемлекеттік қызметші мәртебесін беру жөніндегі Сервис, сервис кілті: PepKyzmetP2503Sync) пациенттің ЖСН-у "мемлекеттік қызметші" мәртебесінің бар-жоғын тексеру үшін мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшісінің мәртебесі туралы мәліметтер алу үшін жібереді. "Е-қызмет" ИАЖ сервисінің оң жауабы кезінде "АЕК" АЖ еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша мәліметтерді "Е-қызмет" ИАЖ-ға жібереді (аурухана парағын ашу/ұзарту/жабу туралы мәліметтерді алу сервисі, Сервис кілті: EK_getStatusBL).

      6. Осы Алгоритмге қосымшада көрсетілген берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын ақпараттық өзара іс-қимыл тараптары-ақпаратты беретін сервис иеленушілері қамтамасыз етеді.

      7. Ақпараттық жүйелер арасындағы интеграциялық өзара іс-қимыл дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисін міндетті түрде пайдалана отырып, электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілерін интеграциялаудың белгіленген қағидаларына сәйкес қатаң жүзеге асырылады.

      8. Осы Алгоритммен реттелмеген пациентке еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты берудің және ұзартудың өзге де шарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларымен регламенттеледі.

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
Медициналық орталығының
ауруханасы" ШЖҚ РМК-ға
бекітілген және Астана қаласында
тұратын мемлекеттік қызметшілерге
еңбекке уақытша жарамсыздық
парағын (жүктілік пен босану
бойынша уақытша еңбекке
жарамсыздық парақты қоспағанда)
электрондық түрде ұсынудың
автоматтандырылған процесін
енгізу жөніндегі пилоттық жобаны
іске асыру алгоритміне
қосымша

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша алынатын және берілетін деректердің тізбесі

      1. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының нөмірі мен сериясы

      2. Мәртебесі

      3. Түрі (бастапқы / парақтың жалғасы/жабылуы).

      4. Жынысы.

      5. Медициналық ұйымның атауы мен мекенжайы.

      6. Берілген күні.

      7. Жасы.

      8. ТАӘ.

      9. Жұмыс орны.

      10. Лауазымы.

      11. АХЖ-10.

      12. АХЖ-10 қорытынды коды.

      13. Еңбекке уақытша жарамсыздық түрі.

      14. Науқас баланың жасы.

      15. АХЖ-10 бойынша баланың ауруының атауы.

      16. Карантин кезінде баланың АХЖ-10 бойынша ауруының атауы.

      17. Санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың басталу күні және аяқталу күні.

      18. Режим түрі (амбулаториялық, стационарлық).

      19. Режимнің бұзылуы туралы белгілер.

      20. Дәрігердің ТАӘ.

      21. Стационарда болу кезеңі.

      22. Басқа жұмыста уақытша болу кезеңі.

      23. Бас дәрігердің ТАӘ.

      24. МӘС-ке жіберілді.

      25. МӘС-ке жіберген дәрігердің ТАӘ.

      26. Куәландыру күні.

      27. Сараптамалық қорытынды.

      28. МӘС бөлімі бастығының ТАӘ.

      29. Жұмыстан босату кезеңі.

      30. Дәрігер лауазымы.

      31. Дәрігердің ТАӘ.

      32. Дәрігер лауазымы.

      33. Дәрігердің ТАӘ.

      34. Жұмысқа кірісу.

      35. Жаңа парақ берілді.

      36. Дәрігер лауазымы.

      37. Дәрігердің ТАӘ.

      38. МАЖ-жіберуші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады