Солтүстік Қазақстан облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 168 және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 7/4 бірлескен қаулысы мен шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 4 шілдедегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айыртау ауданындағы:

      Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылы Қамсақты ауылы;

      Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылы Баянтай ауылы деп қайта аталсын.

      2. Шал ақын ауданындағы:

      Кривощеков ауылдық округі Арай ауылдық округі;

      Кривощеков ауылы Арай ауылы деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов
      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың төрағасы В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады